Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысында көктемгі егіс жұмыстарын ерте қаржыландыру тәжірибесі жалғасып жатқанын хабарлады.
«Ерте қаржыландыру бағдарламасы келесі жылы да жалғасады. Биыл 1-қазанда келесі жылдың көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыруға өтінім қабылдау басталды. Қарашаның екінші онкүндігінен бастап шаруаларға револьверлік кредит беру тетігі ашылады, бұл бір кепілдікпен жыл сайын несие алуға мүмкіндік береді», — деді Айдарбек Сапаров.
Сондай-ақ министрдің айтуынша, жеңілдетілген лизинг бағдарламасы арқылы техника жаңарту қарқыны 6,5%-ға жетіп, екі жыл ішінде ауыл шаруашылығы техникасының тозу деңгейі 80%-дан 70%-ға дейін төмендеген.
Сурет: Agrotrend.kz














































