Бүгін Абай облысының әкімі Берік Уәли жұмыс сапарымен Бесқарағай ауданына барып, туризм және ауыл шаруашылығы саласында жүзеге асырылып жатқан жаңа жобалармен танысты, деп хабарлады аймақ әкімдігінің баспасөз қызметі.
Аймақ басшысы әуелі Глуховка ауылдық округі аумағындағы «Маклапов Н» жеке кәсіпкерлігінде болды. 2023 жылы құрылған кәсіпорын балық шаруашылығы мен экотуризм бағыттарын қатар дамытып келеді.

Старая Крепость ауылында жеке инвестордың есебінен жаңа жоба жүзеге асырылуда. Инвестиция көлемі – 300 миллион теңге. Шаруашылық жылына 100 тоннаға дейін балық өсіруді жоспарлап отыр. Мұндағы 6 жасанды тоғанда түрлі түсті форель, сібір бекіресі, тұқы, сазан секілді балықтар өсірілуде. Аудан тұрғындары мен қонақтарына балық аулау арқылы демалу мүмкіндігін ұсынады.
Сурет: облыс әкіммдігі