Елде кәсіпкерлік талаптарын бұзған балық шаруашылығымен айналысушылардың тізімі жасалып, 5 жылға су қоймасын жалға алуларына тыйым салынады, деп хабарлады 24.kz.
Саладағы жосықсыз субьектілерге субсидия беруден бас тарту немесе алынған қаражатты қайтару талаптары да заңда көрініс табады. Бұл шаралар балық және балық өнімдерінің көлеңкелі айналымын күресуге көмектеседі. Мәжіліс «Акваөсіру туралы» заңды қабылдап, Сенаттың қарауына жолдады. Жұмыс тобының жетекшісі Сергей Пономарев бұл құжат арқылы балық шаруашылығымен айналысатын шағын және орта кәсіп иелеріне инвестиция тарту жағдайы жақсаратындығын айтты. Балықтың жаппай қырылу қаупінің алдын алу шаралары да күшейеді.
Айта кету керек былтыр еліміздің су айдындарында 64 жарым мың тонна ғана балық ауланды. Ал 2030 жылға дейін межеленген мақсат – өнімді жылына 270 мың тоннаға жеткізу. Қазір мың жарым кәсіпорын осы салада жұмыс істеп, 12 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған.
Сурет: Agrotrend.kz