Шағын және орта ауыл шаруашылығы өндірушілерінің астықтарын экспортқа шығаруларын ынталандыру үшін Азық-түлік корпорациясы «экспорттық партияларды шоғырландыру» бағдарламасын іске қосты, деп хабарлады корпорацияның баспасөз қызметі.
Азық-түлік корпорациясы фермердің астығын сатып алмай, фермерлердің тауарлық партияларын шоғырландырады және тасымалдауды толық сүйемелдеуді қамтамасыз ете отырып, оны өтеусіз негізде экспортқа шығаруды ұйымдастырады. Валюталық кіріс фермерге тікелей түседі.
Бүгінгі таңда Азық-түлік корпорациясының қатысуымен қазақстандық фермерлерден жалпы сомасы 14,5 млн АҚШ долларына ауыл шаруашылығы өнімін жеткізуге импорттаушылармен 4 экспорттық келісімшарт жасалды. Пилоттық келісімшартты жасасудың оң тәжірибесін жаңғырту жоспарланып отыр.
Бұдан бөлек импорттаушылар тарапынан бидай, зығыр, күнбағыс және 2-класты арпа сатып алу бойынша мынадай сапалық көрсеткіштері бар коммерциялық ұсыныстар түсті:
Қырғызстан – бидай 3 және 4 класс:
Натура кем дегенде – 750 г / л;
Ылғалдылық – 14,5 %-ке дейін;
Арамшөп қосындысы – 2 %-ке дейін;
Астық қоспасы – 5 %-ке дейін;
Глютен – 20-22/24-25%.
Қытай Халық Республикасы – зығыр:
Ылғалдылық – 9 %-ке дейін;
Арамшөп қоспасы– 3 %-ке дейін;
Майлылығы (май мөлшері), кемінде 40%;
Линолен қышқылы кемінде 53%;
Тазалық – 97%-ке дейін.
Иран – арпа 2 класс:
Натура кемінде – 630 г/л;
Ылғалдылық – 14,5 %-ке дейін;
Арамшөп қоспасы – 2 %-ке дейін;
Астық қоспасы – 7 %-ке дейін;
Ақуыз, кем дегенде – 11,5%.
Түркия – тағамға арналған жасымық:
Ылғалдылық – 15,0%-ке дейін;
Арамшөп қосындысы – 3,0%-ке дейін;
Астық қоспасы– 2,0 %-ке дейін.
Осы дақылдарыңыз болса Азық-түлік корпорациясы сіздің өнімдеріңіздің экспортын ұйымдастыру үшін ынтымақтастық орнатуға шақырады.
Сурет agrotrend.kz