Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және мониторингілеу үшін Тауарларды қадағалаудың ақпараттық жүйесі пилоттық режимде іске қосылды. Бұл туралы Үкімет отырысында сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев мәлімдеді.
«Қазақтелеком» АҚ бірлесіп тауарларды қадағалаудың ақпараттық жүйесін енгізу бойынша пилоттық жоба іске асырылуда, оның мақсаты тұрақтандыру және баға мониторингі тетіктерін цифрландыру арқылы халықты қолайлы бағамен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен ашық қамтамасыз ету», — деп хабарлады министр.
Оның айтуынша, жоба нақты уақыт режимінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қорлары, жеткізу тізбегі бойынша жүкқұжаттар негізінде өнім көлемі туралы ақпаратты бірыңғай платформада біріктіруге мүмкіндік береді.
Жүйеге 99,72 млрд теңге сомасына 364 шарт енгізілді. 20 ӘКК мен Азық-түлік корпорациясын есептемегенде 1436 заңды тұлға тіркелген.
«Осы жүйенің негізінде біз делдалдар тізбегін және сатудың ашық емес схемаларын алып тастай отырып, өндірушілер, сауда желілері мен мемлекеттік органдар арасындағы тікелей цифрлық байланысты қамтамасыз ететін инновациялық агромаркетплейсті әзірлеп жатырмыз», — деді Сауда министрлігінің басшысы.
Сонымен қатар министрдің айтуынша, Қазақстанда импорттық тауарларды жаппай сатып алуды шағын және орта бизнеске ыңғайлы ету үшін онлайн-платформа іске қосылады.
Сурет ашық ақпарат көзінен алынды