Аграрлық несие корпорациясы сақтандыру компанияларының АӨК саласында сақтандыруды мемлекеттік қолдау шаралары аясында күздік дақылдардың егістігін құрғақшылықтан сақтандырады. Сақтандыру өнімі топырақтағы ылғалдың жетіспеушілігіне негізделген тәуекелді қамтиды.
Сақтандыру Kezekte.kz платформасында онлайн режимінде жүргізіледі.
Фермер жеке кабинетінде егіс алқаптарын көрсетіп, сақтандыру компаниясын анықтауы тиіс. Сондай-ақ сақтандыру шартын жасасып, сақтандыру сомасының 20% мөлшерінде сақтандыру сыйақысының бір бөлігін төлеуі қажет. Сақтандырушы өз кезегінде оператордың атына сақтандыру сыйақысының 80%-ын субсидиялауға өтінім жібереді.
Күздік дақылдар егілетін жердегі топырақ ылғалы тапшылығын сақтандырудың негізгі шарттары (3 кезең):
— сақтандыру кезеңі 2024 жылғы 15 қыркүйектен 2025 жылғы 30 маусымға дейін;
— сақтандыру тарифі сақтандыру сомасынан 4,8%;
— ең жоғары сақтандыру төлемінің мөлшері сақтандыру сомасының 48%-ын құрайды.