2025-жылдың 11 айында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 6,1%-ға өсіп, 9,2 трлн теңгені құрады. Бұл туралы Үкіметтің бір жылдық қызметінің қорытындыларына арналған баспасөз мәслихатында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, өсімнің негізгі драйвері егін шаруашылығы. Аталған салада өндіріс көлемі 7,6%-ға артып, 5,8 трлн теңгеге жеткен. Ал мал шаруашылығы өнімдерінің көлемі 3,5%-ға өсіп, 3,3 трлн теңге болған.
«Бұл көрсеткіштер саланың нақты көлем индексі 113% болған былтырғы жоғары базадан бастау алған нақты өндірістік өсімді көрсетеді. Яғни, қазіргі таңда агросекторда өткен жылдарға қарағанда едәуір көп өнім өндіріліп жатыр», — деді А.Сапаров.
Сонымен қатар министр ұсынылған деректердің дұрыстығына ерекше назар аударды. Оның айтуынша, 2024-жылы ведомство статистиканы өзекті ету мақсатында есепке алынған жоқ жұмыс көлемдерін алып тастау үшін ауқымды жұмыс жүргізген. Бұл «таза» базаны қалыптастыруға мүмкіндік берген.
Сурет: Agrotrend.kz















































