Ақтөбе облысының сүт өнімдерін өндірушілері өз тауарларын шығаруды екі есеге арттыруға дайын. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ақтөбе облысындағы «Айс-Плюс» ЖШС базасында бүгінде көлемі 3 мың гектар суармалы жем-шөп өндірісі, жалпы саны 3,2 мың бас сүт-тауар фермасы және қуаттылығы тәулігіне 120 тонна сүт өңдеу зауыты кіретін сүт кластері ұйымдастырылған. Кәсіпорында сүт, ашытылған сүт өнімдері, қаймақ, сүзбе, май және балмұздақ шығарылады.
«Бүгінде біздің тауарлы сүт фермамыз кеңейіп жатыр. Бірінші кезең бойынша айтар болсам, биыл 800 бас сауын сиырды, келесі жылы тағы да қосымша 800 бас сиырды қосуды жоспарлап отырмыз. Мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде фермамызға жаңа технологияларды енгізіп, заманауи еуропалық жабдықтарды сатып аламыз. Бұл бізге өнім өндірісін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Өзіміздің өндірісіміздің даму бағдарламасын орындау аясында 2026-жылдың соңына қарай сүт өнімдерін өндіруді екі есеге арттырамыз. Бұл нақты», — деді ЖШС директоры Қуаныш Ищанов.