Аймақта дәнді дақылдарды жинау науқаны аяқталды. Өнімділік былтырғы жылмен салыстырғанда гектарына 3,9 центнерге артық, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Облыс әкімі Асхат Шахаровтың қатысуымен өткен аппарат мәжілісінде егін жинау науқанының қорытындылары мен күздік дақылдарды егу жоспарлары қаралды.
Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Құсайын Сәрсембайдың мәліметінше, егіннің бітік шығуына қолайлы ауа райы әсер еткен. Дәнді дақыл егілген 429,7 мың га алқаптан 606,2 мың тонна өнім алынды. Өнім гетарына 14,1 центнерден айналған.
Вегетациялық ерекшелігіне байланысты майлы дақылдарды және көкөністерді жинау жұмыстары жалғасуда. Қазірдің өзінде 61,8 мың тонна – картоп, 37,8 мың тонна – майлы дақыл, 43,4 мың тонна – көкөніс жиналды.
Жергілікті шаруалар дәнді дақылдарды жинай сала, егіс алқаптарына соқа салу, күздік дақылдарды егу жұмыстарына кірісіп кетті.
Сурет agrotrend.kz