«Black Biotechnology» ЖШС-нің «AL KARAL» брендімен шығарылатын органикалық жем қоспалары мен тыңайтқыштарды өндіретін отандық өндіруші Латын Америкасы елдеріне экспорттауды жоспарлап отыр, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми сайты.
Компания өкілдерінің Аргентинаға сапары барысында осындай келісімге қол жеткізілген.
«AL KARAL» брендінің негізін қалаушы Асем Кенжебек жергілікті кәсіпкерлермен, Аргентинаның Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдерімен, мемлекеттік органдармен бірқатар кездесулер өткізіп, гумин заттары негізінде жасалған инновациялық өнімдерін таныстырды.
Компания жоспарына сәйкес келесі жылдың басында жаңа зауыт салынып, өндіріс пен өнімнің халықаралық сертификаттау рәсімі аяқталғаннан кейін Аргентина мен Бразилияға өнім экспорттала бастайды.
Сурет АШМ сайтынан алынды