Ауыл шаруашылығы министрлігі Еңбек күні мерекесіне орай, сондай-ақ «Жұмысшы мамандықтарының жылы» аясында саланы дамытуға және елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан агроөнеркәсіп кешені қызметкерлерінің еңбегіне айрықша назар аударды, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.
Осыған орай республиканың барлық өңірлерінен 217 сала маманы ведомстволық марапаттарға ие болды.
Оның ішінде көп жылғы адал еңбегі үшін 29 адам «Еңбек ардагері» құрмет белгісіне, кәсіби жетістіктері және ауыл шаруашылығын дамытуға қосқан үлесі үшін 63 сала өкілі «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» белгісіне ие болды. Тағы 125 қызметкер Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Мұндағы әрбір қызметкер өндірістен пен өңдеуден бастап, аграрлық ғылым, білім беру және агросервис қызметтеріне дейін саланың дамуына сүбелі үлес қосты.
Марапаттарды табыстау рәсімдері облыстар мен аудандарда жергілікті атқарушы органдар басшыларыны және еңбек ұжымдарының қатысуымен салтанатты түрде өткізіледі.
Бұл іс-шара жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын арттырып, ауыл еңбекшілерінің маңдай терін лайықты бағалау.
Сурет: АШМ