Аграрлық несие корпорациясы Астанада өткен жем-шөп пен ветеринария бойынша «Jańa Dala/Vet Astana ‘2024» халықаралық көрмесі және мал шаруашылығы мен құс шаруашылығы бойынша «Jańa Dala / Farm Astana ‘2024» халықаралық көрмесіне қатысты.
Көрме аясында мал шаруашылығы, ветеринария және жем-шөп өндіру саласындағы мамандар Астанада агробизнес пен өндірісті дамытуға ықпал ететін ең үздік тауарлар мен қызметтерді таныстырды. Сондай-ақ саладағы өзекті проблемаларды талқылаып, оларды шешудің жолдарын қарастырды. Көрмеде Аграрлық несие корпорациясы да өз өнімдерін ұсынып, келушілерге көктемгі егін егу мен күзгі жиын-терім жұмыстарын қаржыландыруға бағытталған «Кең дала 2» бағдарламасы мен ауыл шаруашылығы саласының барлық бағытын қаржыландыратын «Агробизнес» бағдарламасының шарттарын түсіндірді.
Айта кетейік, Аграрлық несие корпорациясы көктемгі егін егу мен күзгі жиын-терім жұмыстарын жүргізу үшін қаржыландыруды ерте бастады. Нақты айтқанда алғашқы 100 миллиард теңгеге өтінім қабылдауды қараша айының бірі күні бастап кеткен еді.
ҚР Президентінің тапсырмасын орындау аясында, Үкіметтің қолдауымен 2025-жылдың көктемгі егін егу және күзгі жиын-терім жұмыстарына 700 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінеді. Оның 560 млрд теңгеге жуығын «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ мен Аграрлық несие корпорациясы нарық капиталынан тартатын болады.
Осылайша, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мемлекеттік қолдау шараларының арқасында барынша қолайлы жағдайда қаржылық қолдауға ие болады.
Бірінші. Олар үшін Кең дала 2 бағдарламасы бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемесі 5% деңгейінде сақталды.
Екінші. Көбінесе АӨК субъектілері Корпорациядан несие алуға келгенде кепілдік жетіспеушілігі проблемасына тап болады. Бұл – ауыл шаруашылығы саласының барлық кәсіпкерлері мен қоғамдық ұйымдар айтып жүрген мәселе.
Мемлекеттік қолдаудың сынақтан өткен механизміне сәйкес «Кең дала 2» бағдарламасы бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры кепілдендіретін құрал қолданылады.
Сурет: agrotrend.kz