Егін жинау жұмыстары еліміздің 15 өңірінде жүріп жатыр. Олардың қатарында Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстары, сондай-ақ Абай, Жетісу облыстары мен Шымкент қаласы бар. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жоғары өнімділікті Шығыс Қазақстан, Алматы, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан және Жетісу облыстары көрсетіп отыр.
Соңғы деректер бойынша, қазірдің өзінде 2,2 млн гектар дәнді дақыл орылған. Бұл жалпы егіс алқабының 13,7%-ын құрайды. Жиналған астық көлемі — 3,1 млн тонна.
Сонымен қатар, 24,4 мың тонна майлы дақыл, 525,5 мың тонна картоп, 1,6 млн тонна көкөніс, сондай-ақ 1,8 млн тонна бақша дақылдары жиналған.
Сурет: Agrotrend.kz