Өңірлерде алдағы қысқа мал азығын дайындау жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.
Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысында жоспар 115%-ға орындалған, Ақмола облысы мен Шымкент қаласында – 100%, Қостанай облысында – 99%, Жетісу облысында – 98,7%, Алматы облысында – 92,6%, Павлодар облысында – 91,1%.
20,8 млн тонна шөп (жоспардың 85,1%-ы), 1,7 млн тонна сүрлем шөп (99,2%), 749,7 мың тонна құнарлы жем (13,4%), 1,4 млн тонна сабан (31,0%) дайындалған.
Жалпы 2025–2026 жылғы қыстауға 24,5 млн тонна шөп, 1,7 млн тонна сүрлем шөп, 4,6 млн тонна сабан, 5,6 млн тонна құнарлы жем және 2 млн тонна сүрлем дайындау жоспарланған.
Сурет: Agrotrend.kz