Auyl Fest «Қой шаруашылығы 2025» халықаралық фестивалі алғаш рет 16 тамыз күні Орал қаласында өтеді. Бұл өңір бекер таңдалмаған. Батыс Қазақстанда асыл тұқымды Еділбай қойы өсірілді.
Ұйымдастырушылар, Auyl партиясы мен Батыс Қазақстан облысының әкімдігі. Іс-шара аясында Қазақстанның аграрлық саласын дамытуға инвестиция салуға дайын фермерлердің, сарапшылар мен инвесторлардың форумы болады.
Кой жүнінен және теріден жасалған бұйымдар жәрмеңкесі, қой етінен жасалған тағамдар бойынша аспаздық байқау, қой бағуға бейім және аңға салатын иттердің көрмесі ұйымдастырылады. Сондай-ақ қонақтар ет жеу турниріне, қой қырқу сайысына, ұлттық ойындарға қатыса алады.
Фермерлер асыл тұқымды қойларды арнайы аукцион арқылы сатып ала алады. Іс-шара Орал қаласындағы Тұңғыш президент алаңында 16 тамыз күні сағат 9:00-де басталып, кешкі 18:00-ге дейін жалғасады.
Сурет: Agrotrend.kz